4 Маусым 2023 2023, 17:00 Фото: Сенаттың баспасөз қызметінен

«Сұлтан Аз-Заһир Бейбарыс» мешіті ислам әлемі үшін бірегей мәдени мұра – Сенат төрағасы

Бейбарыстың 800 жылдығы қазақ халқы мен мысырлықтар үшін мәні терең, маңызы зор оқиға.

Бейбарыстың 800 жылдығы қазақ халқы мен мысырлықтар үшін мәні терең, маңызы зор оқиға. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Мысырдағы мешіттің ашылуында осылай деп мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ-тің Каирдегі тілшісі.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығына арналған іс-шараларға қатысушыларға өзінің жылы лебізін жолдады. Мемлекет басшысы бұл мерейтойды жоғары деңгейде атап өтуге баса мән беріп отыр. Мерейлі дата аясында 600-ден астам іс-шара ұйымдастырылады. Оның бір бөлігі Мысыр жерінде өткізіліп жатыр, – деді Әшімбаев.

Айтуынша, екі халықтың байланысы тереңге тамыр тартады. Соның бір бастауында Мысыр шежіресіндегі мәмлүктер кезеңі тұрғаны белгілі.

Оның ішінде Бейбарыс сұлтанның есімі ерекше аталады. Ол – мемлекет басқару ісінде дана шешімдерімен дараланған билеуші. Ұлы қолбасшы Мысырды басқарып тұрған кезінде мешіт, медреселер салдыруға, елдің рухани іліммен бірге ғылым-білімді де қатар игеруіне үлкен көңіл бөлді. Бүгін күрделі жөндеуден кейін қайта ашылып отырған «Сұлтан Аз-Заһир Бейбарыс» мешіті Мысыр мен Қазақстан үшін ғана емес, ислам әлемі үшін де бірегей мәдени мұра екені анық. Сондықтан оны қайта қалпына келтіру – әлемдік тарих пен мәдениет үшін маңызды оқиға, – деді Сенат төрағасы.

Бүгін аумағы 10 мың шаршы метрден асатын Сұлтан Бейбарыс аз-Захир мешітнің ашылуы өтетінін хабарлаған болатынбыз. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Сұлтан Бейбарыс аз-Захир мешітінің ашылу салтанатына барған болатын.