Сүлейменова Астанада ит етін сатқандарға қатысты пікір білдірді

Бұл туралы Үкімет отырысынан соң Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ит етіне қатысты мәселені зерттеп жатырмыз, бірақ кейбір маңызды тұстары да бар – санитарлық-эпидемиологиялық бақылау тарапынан тексеру жүргізілуі керек. Оған қоса заңнаманы бұзу фактісі бойынша ҚР ІІМ тарапынан шаралар күтілуде. Біз де осы заң жобасын әзірлеген уәкілетті орган ретінде кеше ғана осы мәселені талқыладық. Менің ойымша, жақын арада біз ҚР ІІМ және Денсаулық сақтау министрлігімен әрі қарайғы шараларды әзірлеу үшін байланыс орнатамыз, - деп жауап берді министр.

Экология министрінің айтуынша, бүгінгі таңда жануарларды қорғау және қаңғыбас жануарлар мәселелері өзекті болып отыр.

Біз әкімдіктермен инфрақұрылымның болуы, қажеттіліктер бойынша айтарлықтай үлкен жұмыс жүргіздік. Жақын арада біз Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңды іске асыру бөлігінде қолайлы тетікті әзірлеу үшін зооқорғаушылармен және азаматтық қоғамның басқа да өкілдермен консультациялар бастаймыз, - деді Зүлфия Сүлейменова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы