Сүлейменов тұрақты дамуды кіріктіретін Жол картасы туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жасыл экономиканы қолдау мен G-Global дамыту коалициясының атқарушы директоры Асхат Сүлейменов азық-түлік қауіпсіздігі туралы семинарда айтты.
Жоба аясында жобалық топ азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ТДМ-ны ұлттандыру мен мониторингін жетілдіру бойынша Жол картасының жобасын әзірледі. Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру тиімді мониторингке, талдауға және бақылауға тәуелді. Бір мақсатқа жетудегі табыс басқаларының барлығында көрінеді,- деді Сүлейменов.
Ол атағандай, тұрақты даму индикаторлары өзара жауапкершіліктің осы жаңа жаһандық құрылымының негізі болып есептеледі.
Азық-түлік қауіпсіздігі ТДМ мақсаттарының жетістігі басқа әлеуметтік және экономикалық ТДМ мақсаттарына тікелей әсер етеді. Сондықтан тұрақты даму көрсеткіштерін, атап айтқанда, азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы мониторинг пен есеп берудің нақты жүйесі болуы өте маңызды. Демек, Қазақстанда толыққанды мониторинг және есеп беру жүйесі бар. Дегенмен, ЭЫДҰ және Дүниежүзілік банк министрліктер мен ведомстволар бойынша айтарлықтай өзгеретін көрсеткіштер мен мақсатты көрсеткіштердің сәйкессіз сапасы мен өнімділік мониторингінің жоқтығын көрсетеді,- деді Асхат Сүлейменов.
Сонымен қатар Қазақстанда ТДМ мониторинг жүйесі әлі әзірленген жоқ.
Осыған байланысты азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей немесе жанама әсер ететін көрсеткіштерге мониторинг жүргізу мен есеп берудің халықаралық тәжірибесін зерделеу ұсынылады,-деді ол.