Сүгірбаев пен Жалғасбаевқа өзге дипломатиялық лауазымдарды қоса атқару жүктелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Болат Болатұлы Сүгірбаев Қазақстан Республикасының Бруней-Даруссаламдағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Нұрлан Әділұлы Жалғасбаев Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы, Бангладеш Халық Республикасындағы, Непал Федеративтік Демократиялық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы