Суға шомылу маусымына дайындық қалай жүргізіледі

Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Алексей Советов суға шомылу маусымы кезінде атқарылатын шаралар жайлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жыл басынан бері ақпараттық-танымдық шаралар жүргізілген.

Суға шомылу маусымы басталмас бұрын теледидарда 1200-ден астам сюжеттер көрсетілді, радиода 2000-нан астам аудио, газеттерде және әлеуметтік желілерде 1784 мақала жарияланды. Сондай-ақ, 5000-нан астам жазбалар, шамамен 400 тікелей эфир көрсетілді. Өткізілген іс-шараларға 4 755 926 адам, оның ішінде 1 миллион 200 мыңға жуық бала қамтылды,-деді Алексей Советов.

Төтенше жағдайлар министрлігі Ішкі істер, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерімен бірлесіп, тыйым салынған жерлерде адам өлімі қаупін азайту мақсатында судағы қауіпсіздік талаптарын бұзу фактілерінің жолын кесу бойынша 20 мыңнан астам рейдтер мен патрульдік іс-шаралар жүргізген.

Елімізде 1 маусымда суға шомылу маусымы басталатыны туралы осыған дейін жаздық.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы