Суға шомылу маусымы басталғалы 54 бала суға кетті
Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Алексей Советов шомылу маусымы басталғаннан бері 164 адамның суға кеткенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Өкінішке қарай түсіндіру жұмысына қарамастан қайғылы статистика бар. Шомылу маусымнан бері (еск - 1 маусымнан бастап) 164 адам қаза тапты, оның ішінде 54-і бала. Өткен жылмен салыстырғанда қайғылы оқиға дерегі азайған. Жыл басынан бері 182 адам су батса, өткен жылғы көрсеткіш – 204 адам, - деді Советов ТЖМ-да өткен брифингте.
Советов азаматтардың суға қандай жағдайда кететінін атап өтті.
Суға батқандардың 90 пайызы жабдықталмаған және шомылуға тыйым салынған жерлерде болған. Көбі ауылдық жерлерде суға батқан, 39 пайызы мас күйде болған. Сондай-ақ ересектердің балаларын қараусыз қалдыруы өкінішті жағдайға әкелген, - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Астанада 8 айда 447 өрт дерегі тіркелгенін жазған едік.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы