Суға кету қаупі бар Құлсары қаласында егіз дүниеге келді

Суға кету қаупі бар Құлсары қаласында егіз дүниеге келді, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Жылыой аудандық орталық ауруханасында егіз ер бала өмірге келді. Алайда қауіпсіздік мақсатында Бейнеу аудандық ауруханасына жедел-жәрдем көлігімен тасымалданғаны белгілі болды.

Қазір нәрестелердің жағдайы жақсы. Олар жас ананың төртінші және бесінші баласы. Сәбилердің бойы - 52 см. Біреуінің салмағы – 3500 грамм, екінші бөбектікі - 3350 грамм, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Атырау облысы әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы