Суға кеткендер саны үш есе азайды

Ертіс өңірінде өткен жылғы шомылу маусымында суға кеткен адамдар саны үш есе азайды, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодар облысындағы тілшісі.

Былтыр су айдындарында сегіз адам көз жұмса, салыстырмалы кезеңде 26 тұрғын ажал құшты. Қайғылы оқиғаларды болдырмас үшін қауіпсіздік шаралары күшейтіледі.

Жазда 42 жағажай жұмыс істейді. Олардың 24-і коммуналдық меншікте болса, қалғаны – жекеменшік. Мемлекет жауапкершілігіндегі шомылу орындарын абаттандыру және қызмет көрсетуге 156 млн теңге бөлінеді деп жоспарланған. Өткен жылмен қарағанда қаражат көлемі артты. Судағы қауіпсіздікті күшейту мақсатында орталық жағажайда оқушыларға арналған «Бақытты балалық шақ» мектебінің жұмысы жанданады. Жеткіншектер жаз бойы судағы қауіпсіздік ережелері мен алғашқы медициналық көмек көрсетуді мекгереді. Балаларды жүзуге үйрету мақсатында облыс мектептері 22 каркасты-модульді бассейн сатып алса, биыл олардың саны артады. Өңірде барлығы 150 шағын бассейн бар, - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Олег Трещев.

Қазіргі уақытта шомылу орындары тазаланып, абаттандырылып жатыр. Биыл Павлодардағы орталық жағалауда балаларға арналған бассейн пайда болады. Сонымен қатар, қоғамдық дәретханалар, құтқару бағаналары, ауызсу ағатын субұрқақтар, қоқыс контейнерлері орнатылады. Сапалы құм тасымалданады.

Қалалық ТҮКШ бөлімі мамандарының ақпаратына сүйенсек, орталық жағажайда 300-ге жуық шезлонг қойылады. Душтар, киініп-шешіну орындары, әткеншектер де орнатылады. Барлығы – тұрғындардың жайлылығы үшін атқарылып жатқан шаралар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы