Суға батқан балаларды құтқарған азаматтар марапатталды
Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы генерал-майор Марат Күлдіков балаларды құтқарған азаматтарды алғыс хаттармен салтанатты түрде марапаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
3 қарашада Ақбұлақ өзенінің маңында, Амман көшесі 14 мекенжайы бойынша "Мечта" сауда үйінің жанында соңы қайғылы аяқталы мүмкін болған оқиға орын алды. Жағадан балық аулап отырған 2014 және 2013 жылы туған екі бала абайсызда өзенге құлап кеткен.
Арсланбек Магзум және Роман Стратонов қиын жағдайда абдырап қалмай, қауіп-қатерге қарамастан, балаларды қауіпсіз жерге шығарған. Осыдан кейін жедел медициналық көмек дереу шақырылып, зарап шеккендер кәсіби мамандардың қарауына берілген.
Бұл жағдай қиын сәттердегі іс-әрекеттің үйлесімділігі мен жылдамдығының қаншалықты маңызды екендігінің айқын дәлелі, сонымен қатар кез келген сәтте көмекке келуге дайын адамдардың батылдығы мен адалдығының үлгісі болып отыр,- ТЖД бастығы атап өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Дэвис кубогы: Ел құрамасы алғаш рет ширек финалға шықты
Келесі жаңалық
Бірнеше өңірлерде дауылды ескерту жарияланды
Өзгелердің жаңалығы