Судьямен салғыласып, "сыбағасын" алды
Маңғыстау облысында судьямен төбелескен жергілікті тұрғынға айыппұл салынды. Оқиға мобильді бейнеконференция арқылы сот процесіне онлайн қатысу кезінде болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Іс материалдарына сәйкес, ер адам төрағалық етушінің бұйрығына бағынбай, судьямен айтысып, жанжалдасып, сот талқылауының тәртібін бұзған. Бұл сотқа және іске қатысушы басқа да тараптарға немқұрайлылық танытты деп бағаланды.
Құқық бұзушылық фактісі іс материалдарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен және бейнежазбамен расталып, сот қаулысымен К.-ға ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (78 640 теңге) әкімшілік айыппұл салынды, – деп жазылған хабарламада.
Қаулы заңды күшіне енді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағанды геологтары сирек жер элементтері бар кен орнын ашты
Өзгелердің жаңалығы