Судья VS прокурор. Судьялардың тәуелсіздігін нығайту ұсынылды

Елімізде судьялардың тәуелсіздігін нығайту ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сенат депутаты бүгінгі таңда құқық қорғау органдарының судьяларға әсер ету құралдары бар екенін айтты.

Бұл туралы Сенат депутаты Андрей Лукин «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырған кезінде айтты.

Олар қылмыстық іс қозғамай, кез келген судьяға қарсы арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге құқылы. Тек облыс прокурорының санкциясын алу жеткілікті. Осы сәттен бастап күш органы судьяны тыңдай алады, ол туралы және оның жеке өмірі туралы мәліметтер жинай алады, - деді Лукин.

Сенатордың сөзіне қарағанда, судьялардың прокурорлардан қорқуына негіз бар.

Сенаттағы 10-қадамды талқылау кезінде судьяларға қатысты жедел-іздестіру іс-шараларына тек Бас Прокурор рұқсат беруі керек екендігі тұжырымдамалық түрде анықталды. Сондықтан бұл кепілдікті Конституциялық заң деңгейінде бекіту ұсынылды. Бұл судьялардың тәуелсіздігін нығайтады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: inform.kz
Өзгелердің жаңалығы