Суды ағызып қойып, қашанға дейін қарап отыра береміз? – Қарақат Әбден

Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден су ұңғымаларын жоюға қатысты мәселені көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Су шектеулі ресурс екені бәрімізге белгілі. Алайда елімізде өздігінен ағатын гидрогеологиялық ұңғымалардың саны өте көп, - деді ол.

Оның сөзінше, елімізде 2 250 ұңғыма жабылады. Оның 299-ы Маңғыстау облысында, 411-і Қызылорда облысында.

2018 жылы Жоғары аудиторлық палата бұл мәселені көтерген еді. Дегенмен бүгінгі күнге дейін пәрменді өзгерістер әлі жоқ. Нұржан Молдиярұлы (Су ресурстары және ирригация министрі – ред.), өзіңіз басқарып отырған министрліктің осы ұңғымаларды жою жолындағы жоспарлары қандай? Билік органдары ұңғымаларды жою үшін қандай іс-шара жүргізеді? Суды ағызып қойып, қашанға дейін қарап отыра береміз? – деп сұрады депутат Су ресурстары министрі мен Маңғыстау және Қызылорда облыстары әкімдерінен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы