Субсидияның 203 млн теңгесін жымқырған күдікті қамалды

Түркістан облысының прокуратурасы мал шаруашылығын дамытуға субсидия ретінде бөлінген 200 млн теңгеден астам қаржыны жымқыру схемасын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бас прокуратураның мәліметінше, атап айтқанда, Сауран ауданының тұрғыны «О» деген азамат 20 тұлғаның электронды цифрлық қолтаңбасын пайдаланып жалған мәліметтерді көрсетіп, үш жыл ішінде иеліктерінде шын мәнінде жоқ ірі қара малдарға мемлекеттен субсидия (203 млн теңге) алған.

Аталған азаматтың заңсыз іс-әрекетінің нәтижесінде мемлекетке елеулі залал келтірілген. Облыс прокуратурасы қаражатты жымқыру фактісі бойынша құжаттарды СДТБТ-не тіркеп (Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4–тармағы «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу») сотқа дейінгі тергеп-тексеру арнайы прокурорларға (облыс прокуратурасының қылмыстық қудалау басқармасы) жүктелген, - делінген хабарламада.

Күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы