Субсидияланатын жұмыс орындарына 132,9 мың адам орналастырылды
2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына 315,2 мың қазақстандық қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
230,8 мың адам жұмыспен қамтылды, оның 97,8 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты.
Субсидияланатын жұмыс орындарына 132,9 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарында 12,5 мың адам, жастар практикасында 9,6 мың адам, қоғамдық жұмыстарда 90,0 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 5,1 мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 175 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 15,6 мың адам жұмыспен қамтылды.
Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 36,1 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 32,7 мыңы оқуды аяқтады.
Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 38,6 мың адам қамтылды, оның ішінде 24,2 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.
Қызмет саласын таңдау мақсатында 110,2 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.
Бұдан басқа, жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 2024 жылы халықтың әлеуметтік осал санаттарына 400 АЕК (1 476 800 теңге) мөлшерінде 9 мыңнан астам грант және жастарға жылдық мөлшерлемесі 2,5%-дық, сомасы 5 млн теңгеге дейінгі 5 796 жеңілдетілген микрокредит беру көзделген.
Жыл басталғалы 4 355 грант берілді.