Субсидия алудың шекті көрсеткіші төмендетіліп, шаруаларға қолжетімді болады – Жұманғарин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин айтты.
АӨК субъектілері арасында субсидиялауды әділ бөлу үшін ұлттық жобаға енгізілді. Ұлттық жобаны Ауыл шаруашылығы министрлігі, бизнес және қоғамның өкілдері талқылады. Агенттік АӨК-ні мемлекеттік қолдау шаралары бойынша талдау жүргізді, онда субсидиялар алу үшін жоғары шекті көрсеткіш пен оларға шағын шаруа, фермер қожалықтарының қол жеткізуін шектеу байқалды. Осыған байланысты, агенттік ұлттық жобаға АӨК мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізу үшін шекті көрсеткішті төмендету жөніндегі іс-шараларды енгізуді көздеп отыр, - деді ол.
Жұманғарин атағандай, мал бордақылайтын нысандарды құру бойынша мемлекет инвестициялық субсидияларды қарастырады.
Мысалы, қазіргі уақытта мемлекет «мал бордақылауға арналған нысандарды құру және кеңейту» бойынша инвестициялық субсидиялар ұсынады, онда бір мезгілде 5 мың бас ІҚМ ұстауға арналған қоралары бар алаң қарастырылған. ЖАО ұсынған деректер бойынша қуаты 5 мың бастан басталатын республика бойынша барлығы 19 бордақылау алаңы бар, оның ішінде жекелеген өңірлерде бордақылау алаңдарының жүктемесі төмен екені байқалады. Ірі бордақылау алаңдарының толық жүктелмегеніне қарамастан, жыл сайын алаңдарды кеңейтуге бюджеттен қаражат бөлінеді. 2020 жылы мал бордақылауға арналған нысандарды құру және кеңейту бойынша инвестициялық субидияларды тек 9 ауыл шаруашылығы өндірушісі алды, - деді ол.
Серік Жұманғарин осы мәселені шешу мақсатында шағын шаруашылықтардың мүддесіне қарай шешім қабылданғанын айтты.
Осылайша, субсидия алу үшін берілген шекті сандар жоғары екенін және оларға шағын шаруа, фермер қожалықтарының қатысуы екіталай екенін ескере отырып, Агенттік ІҚМ-ны бір мезгілде ұстауға 5 мың бастан бастап ұстауға арналған алаң бағыты бойынша 500 басқа дейін алу және кеңейту бойынша инвестициялық субсидиялауға қол жеткізу үшін шекті көрсеткішті төмендету жөніндегі іс-шараларды ұлттық жобаға енгізуді көздеді. Осы критерийді төмендету нәтижесінде өңірлерде шағын және орта бордақылау алаңдары инвестсубсидияларға қол жеткізе алады, бұл бәсекелі орта құрады, - деді ол.