Ақмолада су тасқынының алдын алу шаралары жүргізілуде
Алматы, BAQ.KZ. Ақмола облысының аумағындағы өзендерде мұз жару жұмыстарын жүргізу аяқталды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Алексей Советов мәлімдеді, деп жазады ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Сандықтау, Балкашино және Максимовка елді мекендеріндегі су тасқынының басталуымен, Жабай өзенінің су деңгейін қадағалау үшін тәулік бойы жүргізілетін кезекшілік пен уақытша бақылау станциялары да орнатылған.
Су тасқыны кезінде зардап шеккен елді мекендердің медициналық мекемелері дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етілген.
Осы іс-шаралар аясында Балкашино ауылының аумағынан көшелер мен аллеяларды тазарту және қар тазалау жұмыстары жүргізілуде.
«БВР техносервис» ЖШС бұрғылау және арнайы жарылыс жасау өндірісінің директоры Халил Ахметзяновтың айтуынша, өзендердегі мұз жару жұмыстары 13 наурыздан басталған. Күні бүгінге дейін бірнеше елді мекенде жұмыстарын жүргізген бригада Балкашино мен Сандықтау жерінде шамамен 2000 шаршы метр мұз жарған. Өткен жылмен салыстырғанда биылғы қар 15-20%-ға көбірек. Сондықтан, су тасқыны да өткен жылға қарағанда қарқынды болуы мүмкін деп күтілуде.