Бүгiн 2026, 04:27
Фото: Скриншот
Су тасқынының алдын алу: Қарағанды облысында жарылыс жұмыстары жүргізілуде
Бұл шара елді мекендерді су басудың алдын алу және ықтимал салдарын азайтуға бағытталған.
Қарағанды облысында көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында өзендерде қар мен мұзды қопсыту бойынша жарылыс жұмыстарын жүргізу басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл шара елді мекендерді су басудың алдын алу және ықтимал салдарын азайтуға бағытталған.
Ағымдағы жылдың 18–19 наурызында Нұра және Осакаров аудандары аумағындағы Құланөтпес, Сабырқожа және Жаманқон өзендерінде жарылыс жұмыстары жүргізіліп, жалпы 6600 шаршы метр мұз қабаты өңделді.
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті атап өткендей, аталған жұмыстар су басу қаупін айтарлықтай төмендетіп, еріген судың ағысын жеделдетуге, мұздың жағалаулар мен көпір құрылыстарына түсіретін қысымын азайтуға, сондай-ақ ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.