Су тасқынынан соң салынған үйлерге кепілдік беріледі – министр
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су тасқынынан кейін салынған үйлердің сапасы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су тасқынынан кейін салынған үйлердің сапасы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
"Тасқыннан кейін салынған 2500-ден астам үйлерге қанша мерзімге кепілдік беріледі? 4-5 жылдан кейін бұл үйлер бұзылып жатса, кім жауап береді?", - деп сұрады журналист үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте.
Өте орынды сұрақ. Әрине, кепілдік береміз. Мысалы, шамамен 2600 үйдің басым бөлігі жер үйлер. Қазір осындай ғимаратты салған мердігер үйге кепілдік береді. 2 жылдың ішінде осы үйге бірдеңе болса, мердігер оны жөндеуге міндетті болады. Әр үйге 2 жыл кепілдік береміз, - деді Шарлапев.
Ведомство басшысы су тасқынының салдарынан бүлінген бүкіл ғимаратқа техникалық тексеру жүргізілгенін айтады.
"Тексеру қорытындысы бойынша 9 156 үй жөнделді, ал 8 447 үй қалпына келтіруге жатпады. Нәтижесінде, нарықтан 5 767 үй мен пәтер сатып алынды. 2 680 жаңа үйдің құрылысы басталды. Жаңа тұрғын үй салу алаңдарын таңдау барысында оларды келешекте су басудан шектеу үшін жергілікті жердің рельефтері мен ландшафты ескерілді. Бүгінде 2 576 үйдің құрылысы аяқталды. Құрылыс жұмыстары мамырдың соңында басталып, 4 айда аяқталды, – дейді құрылыс министрі.