Су тасқынынан қанша өңір жарықсыз қалды?

Су деңгейі төмендегеннен соң электр желілері қалпына келтіріле бастайды. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның мәлімдеуінше, Қостанай облысында өшірілген абоненттер саны 5000-нан 700-ге, Ақтөбе облысында 5500-ден 13 абонентке дейін қысқарды.

Батыс Қазақстан мен Ақмола облыстарында электр жарығынсыз қалған абоненттер саны төрт есеге, Атырау облысында үш есеге азайған. Солтүстік Қазақстан облысында апатты қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, - деді Сәтқалиев үкімет отырысында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев АЭС бойынша өтетін референдум қатысты жалған ақпарат тарағанын айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы