Су тасқынынан 32 мыңнан астам бала құтқарылды

ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен 8,8 млн астам текше метр еріген қар суы сорылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Азаматтық қорғау қызметтерімен 97 мыңнан астам адам, оның ішінде 32 мыңнан астам бала құтқарылды және эвакуацияланды. Қазіргі уақытта уақытша орналастыру пункттерінде 7 173 адам, оның ішінде 3 494 бала орналасқан.

ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен 8,8 млн астам текше метр еріген қар суы сорылды. Авариялық-құтқару жұмыстарына 27 мыңнан астам адам және 3 мыңға жуық бірлік техника мен 15 әуе кемесі жұмылдырылды, - деді ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте.

Еліміздің 8 өңірінде Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Ақмола, Қарағанды, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында жергілікті ауқымдағы ТЖ әрекет етеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі
Өзгелердің жаңалығы