Су тасқынына қарсы іс-шараларға 5 мыңнан астам волонтер қатысуда

Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында еріктілер зардап шеккен аумақтарды қалпына келтіру, жинау, халыққа эвакуация пункттерінде уақытша тұру сияқты шараларды ұйымдастырумен айналысуда.

Олар гуманитарлық көмек пункттерін ашып, сақтық шаралары туралы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын да жүргізіп жатып.

Атап айтсақ, Ақмола облысында су тасқынына қарсы іс-шараға 50-ге жуық волонтер қатысып жатыр. Олар 150-ден астам тұрғындарды су басқан жерлерден эвакуациялап, қауіпсіздік және құтқару қызметтерінің өкілдеріне ыстық шай мен тамақ үйлестіріп көмек қолын созды.

Ақтөбе облысында 4 мың ерікті жұмылдырылды.

Қостанай облысындағы Амангелді ауданы мен Арқалық қаласында арнайы пункттер мен волонтерлік штабтар ашылды.

Колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерінен жинақталған 400-ден астам ерікті тартылды. Волонтерлер суға кетуі мүмкін аулалардан қар шығарды.

Егер сіз су тасқынынан зардап шеккендерге көмектескіңіз келсе, жергілікті ұйымдарға немесе аймақтық төтенше жағдай кезінде еріктілердің қызметін үйлестіретін фронт-кеңселерге хабарласыңыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы