Су тасқынына байланысты мемлекеттік шекара жабылуы мүмкін
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі су тасқынына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақтөбе, ШҚО, БҚО, Абай және Қостанай облыстарында қалыптасқан күрделі су тасқыны жағдайына байланысты Қазақстан-Ресей шекарасының жекелеген бағыттарында республикалық және халықаралық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы шектелуі мүмкін.
Өз кезегінде шекара қызметі шекараның осы учаскелеріндегі өткізу пунктерінің алдында кептеліс пайда болғанын хабарлайды. Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, қозғалыс маршрутын түзетуді ұсынамыз, – дейді комитеттен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Атырау тұрғынынан сібір жарасының белгісі анықталды
Өзгелердің жаңалығы