Су тасқынымен күресу үшін атыраулық зауыт тәулігіне 20 мың қап шығарып жатыр
Су тасқынымен күресуге ірі кәсіпорындар да үлкен үлес қосып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Полимер Продакшн» ЖШС Атырау қаласында қап шығару өндірісін іске қосты. Құм толтырылған қаптар су тасқынына дайындық кезінде аумақтарды су басуға жол бермейтін бөгет жасап, тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды қорғау үшін қолданылады.
Зауытқа шикізат «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» компаниясынан 9 сәуір күні кешке келді. Содан бері біздің қызметкерлер екі ауысымда жұмыс істеп, күніне 20 мың қап шығарды. Шикізат жеткілікті, біздің тарапымыздан кідіріс жоқ, – дейді «Полимер Продакшн» ЖШС бас директоры Аслан Ахтамонов.
Кәсіпорын басшысының айтуынша, KPI компаниясының 30 тонна полипропиленінен 330 мыңға жуық қап шығарылады. Бұл жергілікті зауыттың 15 күндік жұмысы. Жеткізілетін шикізаттың жалпы мөлшері - 100 тонна.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шетелдегі қазақ ғалымдарын қалай қайтарамыз?
Өзгелердің жаңалығы