Су тасқыны. Жылыойда 12 мыңға жуық адам өз үйлеріне оралды

Бұл туралы Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Қазір құлсарылықтардың басым бөлігі оралды. Олардың ішінде тұрғын үйі суға кетпеген, бірақ, эвакуация жарияланған уақытта қаладан кетіп қалған азаматтар да бар. Осылайша, 12 мыңға жуық адам өз үйлеріне оралды. Қалған бөлігі ағайындарының үйіне орналасты. Сонымен бірге, эвакопункттерге, жалдамалы пәтерлерге орналасқан тұрғындар да бар. Тұрғындардың арасында үйіне дезинфекция жасап, мейілінше қалпына келтіріп, үйіне келіп жатқан азаматтар да бар» деді Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов.

Еске сала кетсек, бастапқыда Жылыойдан 36 мыңға жуық адам эвакуацияланған болатын. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Маңғыстау облысында эвакуациялық пункттерде жатқан азаматтардың саны 1800. Теңіз қалашығында 600-ге жуық жылыойлық бар. Құлсары қаласындағы эвакопунктте барлығы 170 адам орналасқан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы