23 Мамыр 2024 2024, 03:03 Фото: скрин

Су тасқыны: жергілікті мектепке 99 адам эвакуацияланды

Атырау облысы Жалғансай ауылын су басу қаупіне байланысты халықты Махамбет ауылына алдын ала эвакуациялау жүргізілуде.

Атырау облысы Жалғансай ауылын су басу қаупіне байланысты халықты Махамбет ауылына алдын ала эвакуациялау жүргізілуде.

Уақытша эвакуациялау пункті жергілікті мектепте орналасқан. Сағат 02:30-дағы жағдай бойынша мұнда 99 адам орналастырылды, оның 63-і балалар.

Айта кетйік, Жалғансай ауылы аудан орталығынан 15 шақырым қашықтықта орналасқан. Жалғансай ауылының халқы - 1286 адам. Үйлердің саны - 237.