Су тасқыны. Жедел штаб күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Махамбет ауданының жедел штабы күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бір тәулік ішінде Махамбет гидропостындағы Жайық өзенінің деңгейі + 17 см, деп хабарлайды Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы.

3 мамырда Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев жедел штабтың кезекті отырысын өткізді. Ауданда жағалауды нығайту жұмыстары 100% аяқталды. Жоспарланған 65,5 шақырым бөгеттер толығымен тұрғызылды, олардың орташа орташа биіктігі 2,5 м.

Талқыланған мәселелер мен ұсыныстар негізінде әрбір ауылдық округке жауапты - аудандық мәслихат депутаты, белсенділер мен аудан әкімдігінің өкілдері тағайындалды. Сондай-ақ, тәулік бойғы кезекшілік кестесі бекітілді.

Жайық өзенінің деңгейі күн сайын көтеріліп келеді, біздің аудан үшін су тасқыны қаупі өзекті болып қала береді. Қорғаныс бөгеттерін салу жұмыстары аяқталғанымен, қосымша нығайту жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімдігінің қызметкерлері, мәслихат депутаттары, ауыл тұрғындары, белсенді еріктілер ауданымызды осы су тасқынынан аман қалуы үшін өз күш - жігерін жұмсауда, - деді аудан әкімі.

Айта кетейік, Махамбет ауданы бойынша Жайық өзеніндегі судың қауіпті деңгейі 850 см, 3 мамыр күні таңертең су деңгейі 812 см-ге жетті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы
Өзгелердің жаңалығы