"Су тасқыны жазықтан келеді деп күтпедік". Вице-министр еліміздегі ахуал туралы айтты
Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов су тасқыны қаупі жазықтан келеді деп күтілмегенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Су тасқыны болған 5 облыстағы жағдайды да алып қарасақ, су өзен арналарынан емес, жазықтан келген. Шыны керек, су біз күтпеген жерден келді. Бұған дейін болған бүкіл су тасқындары өзендердің су қоймаларымен байланысты болатын. Ал, бұл жолы су жазықтан келіп отыр. Бұл өзен арналарымен байланысты емес, яғни ол далада үздіксіз жүреді. Табиғат заңдылығы сондай - деді вице-министр Үкімет отырысынан соң өткен брифингте.
Бұған дейін вице-министр Аягөз ауданында трактормен қоса суға кеткен екі адамға қатысты сұраққа жауап берген еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы