Су тасқыны. Жайық өзеніндегі су деңгейі көтерілді
Атырау облысында қалпына келтіру және жағалауды нығайту жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгінгі таңда Жылыой ауданының Құлсары қаласында 2,8 млн текше метр су сорылды. Өткен тәулікте электр энергиясына 56 тұрғын үй және 4 кәсіпкерлік объектісі, газбен жабдықтауға – 92 тұрғын үй қосылды. Шаруа қожалықтарының тұрғындарынан соңғы 4 күнде 74 өтініш қабылданды, - деді Жұмағазиев.
29 сәуірдегі жағдай бойынша 3 878 өтініш қабылданып, зардап шеккен 3 600 отбасына біржолғы материалдық көмек көрсетілді.
Жергілікті атқарушы органдар әкімдік атынан несиені төлеу мерзімін кейінге қалдыру бойынша тұрғындарды тіркейді. Қазіргі уақытта 2395 адам тіркелді, олар бойынша деректер кейіннен несиелер бойынша төлемдерді шегеру үшін екінші деңгейдегі банктерге берілетін болады. Залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия 2692 өтінішті қабылдап, 600-ден астам үйге техникалық тексеру жүргізді, - деді спикер ОКҚ алаңында өткен брифингте.
Оның дерегінше, гидрологиялық мәліметтерге сәйкес, Индербор кентінде Жайық өзенінің су деңгейі 25 см артты, ең жоғары көрсеткіш 845 см болса, қазір ол 407 см-ге жетіп отыр, Махамбет кентінде 10 см артты: қазіргі кезде 764 см, қауіпті көрсеткіш 845 см, ал Атырау қаласында 446 см, су деңгейі бір күнде ол 4 см-ге көтерілді.
Су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр. Жағалауда ұзындығы 510 км бөгет салынды.