Су тасқыны. Жайық өзенінде су деңгейі қаншалықты көтерілді

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы 2024 жылғы 22 сәуірдегі Жайық өзеніндегі су деңгейі туралы жедел мәлімет таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректеріне сәйкес, 2024 жылғы 22 сәуірде сағат 08.00-де Атырау облысының Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей өзгерді.

Жайық өзені – Индербор кентіндегі су бекетіндегі су деңгейі 582 см., деңгейдің +8 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 359см құрайды. - Жайық өзені – Махамбет кентінің гидропостындағы су деңгейі 706 см., деңгейдің + 7 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 389 см құрайды. - Жайық өзені-Атырау қ. гидропостындағы су деңгейі 412 см., тәулігіне + 3 см. деңгейдің көтерілуі су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілуі 221 см құрайды. Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде. "22 сәуірде Иректі су қоймасынан су жіберу 294 м3/с құрайды, - делінген хабарламада.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы Қиғаш өзеніндегі су деңгейі туралы жедел мәлімет таратты.

Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректері бойынша 2024 жылғы 22 сәуірде сағат 8-дегі жағдай: Қиғаш пен Шароновка каналында, Еділ өзенінің бассейнінде су деңгейінің жоғарылауы байқалады, деңгейдің көтерілуі Волгоград су қоймасынан су тасқыны кезінде судың көбеюіне байланысты болып отыр.

Қиғаш өзені – Шортанбай ауылы су бекетіндегі су деңгейі 270 см, тәулігіне көтерілу +16 см. су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 141 см құрайды - Қиғаш өзені –Котяевка ауылы су бекетіндегі су деңгейі 146 см, тәулігіне +16 см. Су тасқыны басталғаннан бастап жалпы көтерілу 136 см құрайды. - Шароновка өзені –Ганюшкино ауылы су бекетіндегі су деңгейі 173 см, тәулігіне +5 см. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 76 см құрайды. 22 сәуірде Еділ су электр станциясынан су жіберу 21 750 м3/с құрайды. Қиғаш пен Шароновка каналдарындағы су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде, - делінген Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы хабарламасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы
Өзгелердің жаңалығы