Су тасқыны. Жалғансайдағы эвакопункт 100 адамға дейін қабылдауға қауқарлы

Жалғансай ауылындағы мектеп жанындағы эвакопункт 100 адамға дейін қабылдай алады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабының мәліметінше, орта мектепте әйелдерге, балаларға және қарттарға арналған орындар дайындалды.

Жалғансай ауылдық мектебі директорының м. а. Үздік Жиенғалиеваның айтуынша, эвакопунктте қажетті заттар, су және жеке гигиена құралдарының қоры дайындалды. Сондай-ақ, мектептің медициналық пункті бар, онда қажетті дәрі-дәрмектер де жиналған. 

Еске сала кетейік, Махамбет ауданында тұрғындарды эвакуациялау жағдайында 22 пункт дайындалған. 21 елдімекеннің 18-і Жайық өзенінің жағалауында орналасқан. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы