Су тасқыны: Жалғансайдағы бөгет бұзылды

Махамбет ауданы, Жалғансай ауылында түн ортасына жақын тұрғызылған бөгет бұзылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі уақытта ауылдық медициналық пункттің су басу қаупі бар.

Сағат 01.20-да ескерту сирена қосылды. Ауыл тұрғындарын мектеп ғимаратына, сондай-ақ аудан орталығына эвакуациялау басталды, - деп жазды жедел штаб.

Жағдайды тұрақтандыру үшін аудан орталығынан қосымша күштер тартылды. Қазіргі уақытта қауіпті жою үшін 15 бірлік техника мен ҚМ жеке құрамының 50 сарбазы жұмылдырылды. Төтенше жағдай орнында облыс әкімі барды.

Айта кетейік, Жалғансай ауылы Махамбет ауылының аудан орталығынан 15 шақырым қашықтықта орналасқан. Жалғансай ауылының халқы - 1286 адам. Үйлердің саны - 237.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы