Су тасқыны: Зардап шеккендерге жаңа баспана салынады

Ертіс өңіріндегі Ақтоғай ауданы Жалаулы ауылында су астында қалған үйлердің орнына жаңа баспана салынады, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

Еске сала кетейік, Жалаулы ауылында 14 үй су астында қалған. Бұл елді мекенде төтенше жағдай режимі жарияланған еді. Комиссия мүшелерінің мәліметінше, 9 үй қалыпқа келтіруге жатады. Олар толық жөндеуден өтеді. Ал қалған 5 үй әбден қираған. 

Бүлінген баспаналардың орнына жаңа тұрғын үйлер салынатын болады. Қазіргі уақытта Жалаулы ауылында тасқын сумен күрес шеңберінде үш шұңқыр қазылып жатыр.

Облыс әкімі Асайын Байхановтың айтуынша, зардап шеккендердің шығындары 47 миллион теңге мөлшерінде анықталды. Қорытындыны тәуелсіз комиссия шығарды. Құрылыс жұмыстары 3 ай ішінде аяқталып, тұрғындардың игілігіне беріледі.

Комиссия шешімі бойынша 5 үй апатты деп белгіленді. Жаңа баспаналар стандартты жоба бойынша бой көтереді. Әрқайсысы 80 шаршы метрді құрайды. Сонымен қатар жанында учаскелері болады деп жоспарланған. Жоспарға сәйкес құрылыс жұмыстары шілде айының басында аяқталады. Мердігер ұйым ретінде жергілікті кәсіпкер таңдалды. Ал жұмсалатын қаражатты демеушілер бөлді. Су тасқыны кезінде бизнесмендерге өтініш айттық. Көмек қолын созғандардың қатарында ірі кәсіпорын өкілдері болда.ы жомарт жандардың көмегімен облыс бойынша 71 отбасыға көмек көрсетілді. Тағы 15 жанұя қалды, олар назарымыздын тыс қалмайды. Комиссия жұмыстарын аяқтаған соң, бірден іске кірісеміз, - дейді Асайын Байханов.

Айта кетейік, су астында қалған қалып, жарамсыз болып қалған баспаналар Железин ауданының Красиловка ауылында бар. Бір үй апатты деп танылды. Комиссия шешімі бойынша зардап шеккен азаматқа  басқа тұрғын үй сатып алынды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы