Су тасқыны. Үлкен Алматы каналының маңын тазартылып жатыр

Сонымен қатар су тасқынына қарсы іс-шаралар кезінде қажетті инертті материалдар дайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Қазсушар» РМК Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы филиалы Үлкен Алматы каналы жанындағы арықтар мен суағарларды шайып кетуге жол бермеу мақсатында тау ағындарын бұру және арналарды тазарту, түп тереңдету жұмысын жүргізіп жатыр. 

Сондай-ақ су тасқынына қарсы іс-шараларға арналған қор: құм, қапшықтар, арқандар, жарық шамдары және басқа да қажетті инертті материалдар дайындалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы