Су тасқыны. Үкімет резервінен қаржы бөліне ме? - вице-министр жауап берді
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов су тасқынынан бүлінген үйлерді қалпына келтіруге ақша жеткілікті екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгінгі таңда үкімет резервінде 54 млрд теңге бар, ал "Қазақстан халқы" қорында 16 млрд теңге бар. Олардың ақшасы 650 үйді салуға жұмсалады. Бұдан бөлек бүгінгі таңда 34 млрд-қа жуық қаражат "Демеу" қорында және өңірлік қорларда 8,7 млрд теңгеміз бар, – деді Біржанов министрлік ұйымдастырған брифингте.
Оның сөзінше, үйлердің шығынын өтеу үшін ірі кәсіпкерлер де қаржы бөледі.
Президенттің айтуы бойынша осы күзге дейін барлық үй салынып, тапсырылуға тиіс. Шығын көлемі толық есептелген жоқ. Өйткені кейбір өңірлерде су әлі кеткен жоқ, ал кейбірінде беті қайтып жатыр. Толыққанды су тартылғаннан кейін ғана сомасы шығарылады, – деді вице-министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы облысында полицейлер көлік тасымалдаушы алаяқтарды ұстады
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы