Су тасқыны. Темір ауданында бөгеттер салынып жатыр
Облыс әкімінің тапсырмасымен әкім орынбасары Ғалымжан Елеуов Темір ауданына жұмыс сапарымен барып, су тасқынына қарсы қабылданған шаралармен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазіргі уақытта «Задепо» аймағын су тасқыны қаупінен қорғау мақсатында бөгеттер салып жатыр.
Сонымен қатар, сел және су тасқыны қаупінен қорғауға бағытталған қорғаныс бөгеттері құрылысы Саркөл ауылдық округіне қарасты Шұбарши, Құмсай және Қопа елдімекендерінде де жасалып жатыр.
Бөгет құрылыстарын қарап шыққан Ғалымжан Елеуов аудан әкімінің міндетін атқарушы Жандарбек Қойшыбаевқа ауа райын ескере отырып, құрылыс жұмыстарын жеделдетіп, оның уақытылы аяқталуын бақылауда ұстауды тапсырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандағы ағза донорлығы: қазіргі жағдайы мен болашағы
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы