Су тасқыны тағы қай аймақта болуы мүмкін
Су тасқыны тағы қай аймақта болуы мүмкін екені айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Галидулла Азидуллин су тасқыны болуы мүмкін қауіпті аймақтарды атады.
Қардағы су қорының мөлшерін, топырақтың күзгі ылғалдылығын, топырақтың қату тереңдігін қарастыра отырып, су тасқыны қауіпті аймақтарға алдын ала баға берілді, - деді вице-министр.
Экология министрлігі өкілі қауіпті аймақтарды екі топқа бөліп көосетті.
Жоғары қауіп: Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Абай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау Алматы, Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстары.
Орташа қауіп: Павлодар, Ұлытау, Маңғыстау және Қызылорда облыстары.
«Қазгидромет» су тасқыны кезеңіне алдын ала болжамды 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 4 ақпанда шығарды, одан әрі су тасқыны кезеңіне негізгі болжамын 5 наурызға дейін ұсынады. Наурыз айынан бастап гидрологиялық болжамын апта сайын ұсынады. «Қазгидромет» гидрометеожағдайлар күрт өзгерген жағдайда 2-3 тәулік бұрын су тасқыны қаупі туындауы жайлы дауылды ескертулерді алдын ала хабарлайды, - деп түсіндірді Галидулла Азидуллин ОКҚ-да.
Өткен атпада Түркістан облысында күннің күрт жылуы мен жауын-шашын салдарынан су тасқыны болған еді.