Су тасқыны: СҚО-дағы қоғамдық штабтар 11 мың адамға консультация берген

СҚО бойынша қоғамдық штаб мүшелері күн сайын эвакуациялау пункттерінде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Олар өтемақы алу тетіктерін түсіндіреді, төлемдерді алу үшін қажетті құжаттар пакетін жинауға көмектеседі.

Сондай-ақ, ЕДБ-ге бармай-ақ, Жұмыспен қамту орталықтарына жүгіну үшін деректемелер ұсына отырып, жергілікті жерлерде шоттар ашу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, - деді СҚО қоғамдық штабының мүшесі Арман Бердағұлов ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Қоғамдық штаб мүшелері сондай-ақ гуманитарлық көмек жинау пункттерінің жұмысын үйлестіреді, өтінімдерді, жинақты қалыптастыру, сондай-ақ жеткізілген көмекті сұрыптауды есепке алу бойынша жұмыстар ұйымдастырылды. Эвакуацияланған азаматтардың орналасқан жеріне көмек жеткізу бойынша жұмыс жолға қойылған.

Бүгінгі таңда қоғамдық штаб 170-тен астам кездесу өткізіп, 11 мыңға жуық адамға консультация берілді, - деді спикер.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы