Су тасқыны. СҚО-да 40 отбасы жаңа баспанаға кірді
Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны салдарынан зардап шеккен 40 отбасы жаңа баспанаға ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында үйлердің құрылысы белсенді жүргізілуде.
Сондай-ақ зардап шеккен 1099 үйде жөндеу жұмыстары жалғасуда, оның ішінде 252 үйде жөндеу жұмыстары аяқталды.
Бұдан басқа, су тасқынынан зардап шеккен ауыл тұрғындары үшін үйлер сатып алынуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Транскаспий дәлізі арқылы жүретін кемелер жолға шықты
Өзгелердің жаңалығы