Су тасқыны. Шымкенттік құтқарушылар Атырауға көмекке аттанды

Шымкенттік құтқарушылар Атырау облысына көмекке аттанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары Атырау облысына апаттық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу мақсатында көмекке жөнелтілді. Көмекке барлығы 45 адам, 5 техника, 15 мотопомпа және 2 қайық жіберілді, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы