Су тасқыны. Сарыөзек каналының су жарып шыққан аумақтары бітеліп жатыр

Еркінқала ауылдық округінің әкімі Мұхтар Құмарғалиевтің айтуынша, қазіргі уақытта Сарыөзек каналы бойына қосымша техникалар жұмылдырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы мәлім етті.
 

13 мамыр күні Сарыөзек каналының тас жол бойынан 7 шақырым шамасында каналдан су ағу жағдайы тіркелді. Қазіргі уақытта арнайы техникалар көмегімен қаналдың су жарған аумақтарын бітеу жұмыстары жасалуда. Атырау қаласы әкімдігінің тікелей басшылығымен, каналдағы су деңгейін төмендету мақсатында қосымша жыралар арқылы, суды шығару жұмыстары жасалуда, - деді Еркінқала ауылдық округінің әкімі Мұхтар Құмарғалиев.

Сарыөзек каналының жалпы ұзындығы шамамен 60 шақырымды құрайды. Махамбет ауданынан бастау алатын канал Атырау қаласының аумағы және Еркінқала аумағынан өтеді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы