Су тасқыны. Сарыағаштық дәрігерлер Атырауға гуманитарлық көмек жіберді

Сарыағаш орталық ауруханасының қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі мәліметінше, азық-түлік, тұрмыстық әрі гигиеналық заттар мен көрпе-төсек, әлеуметтік қажетті заттар тиілген 2 жүк көлігі Атырау облысына жөнелтілді.

Апатты аймақтағы тұрғындарға жәрдем қолын созуға Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Бахыт Мирзалиев бастаған ұжым қызметкерлері белсенді атсалыстып жатыр.

Еліміздің бірнеше аймағында болып жатқан көктемгі су тасқыны жергілікті ағайын-жұртты үрейлендіріп, әбігерге салуда. Осындай қиын кезеңде зардап шеккен отбасыларға көмек көрсету біздің азаматтық міндетіміз деп білеміз. Мемлекет басшысы айтқандай, күшіміз – бірлікте. Сондықтан ел болып бірігіп, қиындықты жеңіп шығамыз, - дейді Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Бахыт Мирзалиев.

Осылайша, Ораза айт мерекесінде игі іс жасап, апатты аймақтағы халыққа көмек көрсетуде белсенділік танытқан Сарыағаш орталық ауруханасының ұжымы халықтың күші бірлікте екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Түркістан өңірінен су баспан аймақтарға гуманитарлық көмек жіберуі бастамалары әлі де жалғаса береді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы