Су тасқыны. Құжаты жоқ мал иелеріне өтемақы қалай беріледі?
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров малының құжаты жоқ азаматтың өтемақысы қалай төленетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Министр арнайы комиссия барын еске салды. Сөзінше, малына құжаты барлардың шығыны бюджеттен өтеледі.
Енді малына қағаз құжаты болмаса, тіркелмесе, алгортимде "3 куәгер болуы керек" деп жазылған. Олар – көршілер, учаскелік полиция инспекторы, ауылдық округтің әкімі. Олардың бәрі дәлелдейді. Нәтижесінде (мал шығынының) құжатын толтырады да қорлар немесе демеушілер, компаниялар есебінен (мал шығыны) өтеледі. Мысалы, бүгінде Қарағанды облысы барлығын демеушілер есебінен жауып тастады. Сол сияқты Ақтөбе, Қостанай облыстары жұмысты жүргізіп жатыр, - деді Айдарбек Сапаров үкімет отырысынан соң өткен баспасөз мәслихатында.
Бұған дейін министр республика бойынша қанша төрт түлік суға кеткенін айтқан еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда ұлттық бірегейлікті қалыптастыру мәселесі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы