Су тасқыны. Құйлыста жарылған бөгет 2 сағатта қалпына келтірілді
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының әкімі Нұрлан Қызбергенов өңірдегі су тасқынына қатысты жағдайды баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әкімнің сөзінше, қазіргі таңда Торғай өзенінен келген суды тоқтату жұмыстары 40 күннен бері жалғасып жатыр. Жұмысқа 100 адам тартылған.
Бүгінгі күні Тәуіп ауылдық округінің Құйлыс елді мекенінде жағдай келесідей. Қазіргі таңда Торғай өзенінен келген суды тоқтату жұмыстары 40 күннен бері жалғасып жатыр. Су тасқынына қарсы бөгеу жұмыстары күні-түні жүргізілуде. Бұл жұмыстарға барлығы 11 техника жұмылдырылды. Соның ішінде, 4 тиегіш, 6 камаз, 1 - К700 техникасы және №20982 әскери бөлімінің 45 әскери қызметкері, ерікті ауыл тұрғындарын қосқанда, барлығы 100 адам жұмыс істеуде, - деді ол.
Қызбергенов атап өткендей, кеше жел мен толқынның қатты болуына байланысты бөгеттің 10 метр жер су шайып, 2 сағаттың көлемінде қайтадан орнына келтірілді.
Осы жұмыстардың нәтижесінде қорғау бөгеттері орнында қосымша 2 шақырым бөгеттер құрылды. Барлық қажетті азық-түлік, жанар-жағармай мен қапшықтар аудан орталығынан үздіксіз, тұрақты түрде жеткізілуде, - деп түйіндеді ведомство басшысы.