Су тасқыны. Құлсарыны қалпына келтіріп жатқан сарбаздарға ақы төленеді
Жылыойда «Жасыл ел» жасағының Құлсарыны қалпына келтіруге қатысып жатқан сарбаздарына қосымша ақы төленеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Атырау облысы ішкі саясат басқармасы басшысы Гүлнұр Сүйеуова мәлімдеді.
Тасқыннан зардап шеккен Құлсары қаласын қалпына келтіру, тазалау, көгалдандыру мақсатында алғаш рет «Жасыл ел» бағдарламасы аясында құрылыс отряды бағыты іске қосылды. Құрылыс отрядтарында Жылыойлық жастар еңбек ете алады, - деді спикер.
Айта кету керек, бұл жолы «Жасыл ел» жасағының құрылыс отрядында еңбек етіп жүрген жастарға жалақы жергілікті бюджеттен бөлінеді және Құлсары аумағындағы құрылыс компаниялары төлейді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ШЫҰ 20 жыл ішінде әлемге не бере алды
Келесі жаңалық
Брюссельде 2025 жылғы соңғы ЕО саммиті өтіп жатыр
Өзгелердің жаңалығы