Су тасқыны. Құлсарыда бірде бір тонау фактісі тіркелмеген
Құлсары қаласында ТЖ басталғалы бері бірде бір тонау фактісі тіркелген жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.
5 сәуірден бастап Құлсары қаласында ұрлық немесе бұзақылық фактілері тіркелмеді. Бұл Құлсары тұрғындарының азаматтық жауапкершілігі жоғары екенін көрсетеді. Тәртіп сақшылары Құлсары қаласының тұрғындарының жеке мүлкінің толық сақталуын және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етті
2024 жылғы 5 сәуірден бастап Ұлттық Ұлан гвардиясының полицейлері мен әскери қызметшілері Құлсары қаласында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жедел басқару орталығының камераларының көмегімен үздіксіз патрульдеу және бақылау жүргізді. Қазір күндіз-түні патрульге 275 полиция қызметкері мен 125 әскери қызметші тартылды, - деп нақтылады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы