Су тасқыны. Құлсарыда бір тәулікте 34 мың текше метр су айдалды

Құлсары қаласында авариялық-құтқару жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ жедел штабқа сілтеме жасап.

Жылыой ауданының Құлсары қаласында авариялық-құтқару жұмыстары және су тасқыны салдарын жою жұмыстары жалғасуда. 

Тасқын суларын айдау жұмыстары жүргізілуде. Тәулігіне 34 мың текше метрден астам тасқын су айдалды. Барлық кезеңде 6,3 млн текше метрден астам еріген су айдалды. 

Әскери бөлімдердің әскери қызметшілері үйлер мен көшелерді дезинфекциялау жұмыстарын жалғастыруда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы