Су тасқыны. Қобдада үйлердің 63-і дайын

Қобда ауданында су тасқынынан зардап шеккендер үшін салынған үйлердің 63-і дайын, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Негізі, Қобда ауданында 147 үй салынуы тиіс. Бүгінде құрылысшылар аудан орталығында 54, Жарық ауылында 9 үйдің құрылысын толық аяқтап, халық игілігіне беруге дайындап қойды. Сондай-ақ, 118 отбасы үйлерінде жөндеу жұмыстарын бітірді. Тағы баспанасыз қалған 8 отбасыға дайын үй сатыпалынды.

Құрылыс жұмыстарының барысын облыс әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев бағамдады. Ол мердігер компаниялардың өкілдеріне жұмыстарды сапалы әрі мерзімінде аяқтау керектегін еске салды.

Айтып өтейік, Ақтөбе өңірінде Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында «Орал – Ойыл», «Батыс» және «Сауқайың» сияқты қорғаныс бөгеттері салынады. Үш жобаға 991 миллион теңге бөлінді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: @aqtobe_oblysy_akimdigi
Өзгелердің жаңалығы