Су тасқыны: Қазақстанға Қырғызстаннан гуманитарлық көмек келді

Қырғыз Республикасы Қазақстанға бастамашыл гуманитарлық көмек жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Су тасқыны салдарынан төтенше жағдайлардан зардап шеккен Қазақстан халқына бастамашыл гуманитарлық жүкті Қырғыз Республикасы ТЖМ вице-министрі Урматбек Шамырқанов алып жүреді.

15 фура гуманитарлық көмек Жамбыл облысына келіп жетті.

Азық-түлік, киім-кешек, төсек-орын жабдықтары, жылытқыштар және т.б. түріндегі гуманитарлық жүк Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының тұрғындарына жіберілетін болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы