Су тасқыны қаупі бар өңірлер белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ТЖМ төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы Рустамбек Амрин Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

ТЖМ мен орталық атқарушы органдар көктемгі су тасқыны кезінде төтенше жағдайдың алдын алу шараларын жүзеге асырып жатыр. «Қазгидромет» МКК  ақпандағы алдын ала мәліметі бойынша ел бойынша су қоры көп жылға қарағанда орташа деңгейден жоғары екенін айтты. Ақмола облысындағы Сілеті өзенінің бассейні, Қостанай облысының Торғай, Қараторғай өзені, БҚО-ның өзені, ШҚО-ның Шүлбі мен Бұқтырма бассейндері кіріп отыр, - деді ол. 

Амрин атап өткендей, су тасқынына қардың жиналуынан бөлек жауын-шашынның мөлшері де әсер етеді. 

Өзендердің қатуы да өткен жылғыдан жұқа болып отыр. Бұл мұздың ерте еруіне алып келуі мүмкін. Температураның жылып кетуі мен ақпан-наурызда жауын-шашын болса, су тасқынының болуы қаупін көтереді. Су тасқыны қаупі бар өңірлерге Ақмола, Қарағанды, Қостанай, СҚО облыстары жатады. Орташа қаупі бар облыстарға Түркістан, Жамбыл, Павлодар, БҚО облыстары жатады, - деді ол. 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы