Су тасқыны қаупі бар аймақтардың карталары ақпан айында жарияланған
Биыл су тасқынына байланысты «Қазгидромет» РМК филиалдары 64 дауылды ескерту жариялаған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы «Қазгидромет» РМК гидрологиялық болжамдар басқармасының басшысы Серік Ибраев мәлімдеді.
Қыс мезгілінде елімізге көп мөлшерде жауын-шашын түсті. Күннің жылынуынан топырақтың беті мен қардың қабатында мұз қабатының пайда болуына әкеліп соқты. Су тасқыны қаупі бар аймақтардың карталары ақпан айында және наурыз айында жарияланған. Су басқан аймақтар сол картада белгіленіп, су басу қаупі жоғары аймақтарға жатқызылған болатын. Су деңгейі күрт көтерілген жағдайда гидрологиялық бекеттер әр 4 сағат сайынғы жиі бақылауға ауысады. Су басуы мүмкін екені туралы дауылды ескертулер уақтылы шығарылды. 2024 жылғы су тасқыны кезеңінде «Қазгидромет» РМК филиалдары 64 дауылды ескерту жариялады, - дейді Серик Ибраев.
Басқарма басшысы 29-31 наурызға арналған ауа райы болжамын атап өтті.
Жаңбыр мен қар түріндегі қатты жауын-шашын Солтүстік Қазақстан облысында 29 наурызда, Ақмола облысында 29-30 наурызда, Павлодар мен Қарағанды облысында 30 наурызда, Шығыс Қазақстан облысында 31 наурызда болады деп болжануда. 29 наурызда Алматы, 30 наурызда Түркістан, 29-31 наурызда Жетісу облыстарында қатты жаңбыр жауады. Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді, солтүстік-батысында, солтүстігінде (Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында) ауа температурасы 30-31 наурызда 3-10 градус аязға дейін төмендеуі, күндіз біртіндеп 2-8 градус жылыға дейін жоғарылауы күтіледі. Еліміздің орталығында (Қарағанды, Ұлытау облыстарында) түнде 0-8 градус аязға дейін, күндіз +1+6 градусқа дейін төмендейді. Республиканың шығысында (Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында) түнде ауа температурасы – 3+2 градусқа дейін, күндіз +2+7 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстік өңірлерде (Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарында) түнгі ауа температурасы 0,+5 градусқа дейін, күндіз +5+13 градусқа дейін төмендейді. Тек республиканың батысында (Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында) ауа температурасының түнде 0,+7, күндіз +12+17 градусқа дейін жоғарылауы болжанады, - дейді мекеменің гидрологиялық болжамдар басқармасының басшысы.